Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғызбасты ана": Алматыда апатқа ұшыраған автобус жүргізушісінің әкесі қызы туралы айтып берді

Опубликовано:

Алматыда автобус бір топ адамды қаққан жер
Алматыда автобус бір топ адамды қаққан жер. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Алматыда 3 адамды қағып өлтірген автобус жүргізушісінің әкесі жол-көлік оқиғасы туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ол оқиғаның жай-жапсарын айтты.

"Автобус салонында жолаушы оны итеріп, ұрып жіберген, сосын ол (жүргізуші қызын айтады - авт.ескертпесі) есін жоғалтып алды. Қызым 10 жылдан аса уақыт бойы жүргізуші болып жүр. Бастапқыда троллейбус жүргізген, сосын - автобус.

Оның екі баласы бар, өзі - жалғызбасты ана. Қазір ол ауруханада. Мені ауруханаға кіргізбей қойды, мән-жайын білмеймін. Бірақ біз видеобақылау камерасындағы жазбаларды қарадық, ол жерде ұрғаны анық көрінеді", - дейді автобус жүргізушісінің әкесі Бақыт.

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар әйелдің миының жабық жарақаты барын және миы шайқалғанын хабарлады.

Бұған дейін жүргізуші әйелді ұрған жолаушыға қатысты екі бап бойынша іс тіркелгені хабарланған. Ол қамауға алынған.

Еске салайық, Алматыда №7 аурухана маңында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өткені хабарланған еді. Кейін қалалық ПД өкілдері оқиғаның жай-жапсарын айтты.

Оқиғадан 7 адам зардап шеккен, олардың үшеуі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болған. Төрт адам ауруханаға жатқызылған. Олардың ішінде 15 жастағы бала бары айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052234-zalgyzbasty-ana-almatyda-apatqa-usyragan-avtobus-zurgizusisinin-akesi-qyzy-turaly-aityp-berdi/

pixel