jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда жылу желісінде ақау шығып, жеті аудан жылу мен ыстық сусыз қалды

    Ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылды
    Ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылды. Фото: instagram.com/aktau_akimdigi

    Жылу желілеріндегі ақауға байланысты Ақтаудағы бірнеше шағын ауданда жылу мен ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды өңірлік әкімдік Instagram парақшасында.

    Әкімдіктің хабарлауынша, 16 шағын аудандағы жылу желісінде орын алған ақауға байланысты 16, 17, 18, 19, 20, 20А ш/а кейбір үйлерге жылу мен ыстық суға уақытша шектеу қойылды

    Жылу желісіндегі ақау шыққан жерде "Каспий жылу, су арнасы" мекемесінің мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстарды Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев өз қадағалауына алды.

    "Ақтау қаласының тұрғындары бізде 16 шағын аудандағы жылу желісінде ақау табылды. Соған сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу бойынша 16, 17, 18, 19, 20, 20А шағын аудандардағы кейбір үйлерге уақытша шектеу қойылды. "Каспий жылу, су арнасы" мекемесінің мамандары тез арада ақауды жөндеуге жұмыстанып жатыр", - деді қала әкімі.

    Жылу мен ыстық судан уақытша шектелген шағын аудандардағы үйлер:

    • 16 шағын аудан 31,33/3, 33/7,43, 43/1,43/2, 43/3,49,50,55,56,57,59, 60, 61,63,63/1, 63/2,64,67,68,69, 77,79,85, 86,86/1, 89,90, 91,92, 93,94-үй;
    • 17 шағын аудан 3,4,5,23,24,24/1,25,25а,б., 26,27,28,29,30,43,44,45,46,51,54,55,82,83,84,85,86,90,91,92,93,94,95,96,101,102,103,104,105,107,110,112,113,115/1,217,217/1-үй, "Оқушылар сарайы", колледж, бизнес орталықтары;
    • 18 шағын аудан 3,18,19,20,21,28ү, "Шахар Плаза", "Империя Тауэрс" ТҮК;
    • 18а шағын ауданы толығымен;
    • 19 шағын аудан 5,13,15-үй;
    • 20 шағын ауданның 5,7,17-үй;
    • 20а шағын аудан 21-үй.

    Ақтауда жылу желісінде ақау шығып, жеті аудан жылу мен ыстық сусыз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.