Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус апаты кезінде түсірілген тағы бір видео жарияланды

Опубликовано:

Алматыда автобус бір топ адамды қаққан жер
Алматыда автобус бір топ адамды қаққан жер. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Әлеуметтік желілерде бір топ адамды қағып өткен автобустың маңында түсірілген тағы бір видео жарияланды. Онда жолаушылар жүргізушіні ұрған ер адамды ұстап тұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда Алматыда апатқа ұшыраған автобустың жолаушылары жүргізушіге шабуыл жасады деген адамды ұстаған, содан кейін оны қайтадан салонға сүйреп апарады.

"Жүргізушіні ұрған жігіт қашып кеткісі келді", - делінген видеодағы жазбада.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Алматыдағы автобус апаты

Еске салайық, 22 желтоқсанда Алматыда №7 аурухана маңында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өткені хабарланған еді. Кейін қалалық ПД өкілдері оқиғаның жай-жапсарын айтты.

Оқиғадан 7 адам зардап шеккен, олардың үшеуі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болған. Төрт адам ауруханаға жатқызылған. Олардың ішінде 15 жастағы бала бары айтылады.

Сонымен қатар жүргізуші әйелді ұрған жолаушыға қатысты екі бап бойынша іс тіркелгені хабарланды. Ол қамауға алынған. Кейін автобус адамдарды қағып өткен сәттің видеосы жарияланды. Одан кейін желіде апат кезінде автобус салонында болған жағдай көрсетілген ролик тарап кетті.

Бүгін дәрігерлер зардап шеккен төрт адамның жағдайын айтып берген еді: олардың үшеуі медициналық мекемеде ем алып жатыр. Жүргізушіге шабуыл жасады деген күдікті 2 айға қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052461-almatyda-avtobus-apaty-kezinde-tusirilgen-tagy-bir-video-zariyalandy/

pixel