Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында автобус шахтаға құлаған кезде құтқарушылар қайда бара жатқаны анықталды

Опубликовано:

"Майқайың-алтын" шахтасы
Оқиға орны. Фото: instagram.com/pavlodar_tjd

Павлодар облысында "Майқайың-алтын" АҚ аумағында автобус жер астына түсіп кеткен кезде құтқарушылардың қайда бара жатқаны белгілі болды. Бұл туралы өңірлік ТЖД Instagram парақшасында хабарлады.

ТЖД ақпаратынша, автобуста "Майқайың-алтын"АҚ шахтасы ауданында түтін шыққаны туралы хабарламаға шыққан Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі Республикалық орталық штабының Павлодар филиалының құтқарушылары болған.

Еске салайық, Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Олардың денесі жер бетіне шығарылды.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, автобуста 4 адам болды - Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.

Асайын Байханов оқиға орнынан видео жариялады.

Сонымен бірге Павлодар облысының полициясы "Майқайың-алтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2054190-pavlodar-oblysynda-avtobus-zer-astyna-tusip-ketken-kezde-qutqarusylar-qaida-bara-zatqany-anyqtaldy/

pixel