Павлодар облысында адамдар мінген автобус құлаған жерде ауыр техника жұмыс істеп жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русскомПавлодар облысындағы "Майқайың-алтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдай орнында ауыр инженерлік техника жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында 3 экскаватор, 2 жүк тиегіш және 2 бульдозер жұмыс істеп жатыр.
"Түні бойы және күні бүгінге дейін опырылған жердің түбіне өткел салу жұмыстары жүргізілуде. Опырлу шетінен топырақ төгу жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Мұнда барлығы 138 адам мен 37 техника, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінен, ПВАСС Республикалық Төтенше жағдайлар орталығынан, жергілікті атқарушы органдардан, "Майқайың-алтын"АҚ, полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмылдырылған.
Еске салайық, Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Олардың денесі жер бетіне шығарылды.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, автобуста 4 адам болды - Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.
Асайын Байханов оқиға орнынан видео жариялады.
Сонымен бірге Павлодар облысының полициясы "Майқайың-алтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2054212-pavlodar-oblysynda-adamdar-mingen-avtobus-qulagan-zerde-auyr-texnika-zumys-istep-zatyr/