jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысында адамдар мінген автобус құлаған жерде ауыр техника жұмыс істеп жатыр

    Павлодар облысында адамдар мінген автобус құлаған жерде ауыр техника жұмыс істеп жатыр
    Оқиға орны. Фото: Павлодар облысы ПД

    Павлодар облысындағы "Майқайың-алтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдай орнында ауыр инженерлік техника жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында 3 экскаватор, 2 жүк тиегіш және 2 бульдозер жұмыс істеп жатыр.

    "Түні бойы және күні бүгінге дейін опырылған жердің түбіне өткел салу жұмыстары жүргізілуде. Опырлу шетінен топырақ төгу жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

    Мұнда барлығы 138 адам мен 37 техника, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінен, ПВАСС Республикалық Төтенше жағдайлар орталығынан, жергілікті атқарушы органдардан, "Майқайың-алтын"АҚ, полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмылдырылған.

    Еске салайық, Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Олардың денесі жер бетіне шығарылды.

    Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, автобуста 4 адам болды - Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.

    Асайын Байханов оқиға орнынан видео жариялады.

    Сонымен бірге Павлодар облысының полициясы "Майқайың-алтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады.

    Павлодар облысында адамдар мінген автобус құлаған жерде ауыр техника жұмыс істеп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.