Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында автобус терең шұңқырға құлап кетті: іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатыр

Опубликовано:

Автобус құлаған жердегі іздестіру жұмысы
Құтқарушылардың автобусты іздеп жатқан сәті. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

Павлодар облысында автобус апатқа ұшыраған жерде іздеу-құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Іздестіру жұмысына барлығы 139 адам мен 47 техника жұмылдырылды деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр.

Ауыр техниканың көмегімен өткелді тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы 37 мыңнан астам текше метр топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

Іздеу-құтқару жұмыстарының барысын түзету үшін топырақты қайта геосканерлеу жүргізілді.

Министрлік мәліметінше, іздеу жұмыстарына ТЖМ, КӘАҚҚ РОШ, жергілікті атқарушы органдар, "Майқайыңалтын" АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 139 адам және 47 техника жұмылдырылды.

Оқиға себептерін тергеу мақсатында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия жұмыс жүргізуде.

"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы төтенше жағдай

Павлодар облысының Баянауыл ауданында 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" АҚ аумағында автобус терең шұңқырға құлап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, опырылған жердің тереңдігі 150 метр, ені жарты шақырым, ұзындығы 150-200 метр болған.

Автобуста төрт адам болған - Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 құтқарушысы және 1 жүргізуші.

Кейінірек құм арасынан екі адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Сарқыт Бердіқан мен Олег Тышкевичтің мәйіті табылғанын растады.

Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2054404-pavlodar-oblysynda-avtobus-teren-sunqyrga-qulap-ketti-izdestiru-zumystary-qalai-zurip-zatyr/

pixel