Алматыдағы жер сілкінісінен кейін жедел желі іске қосылды
Жарияланған күні:
Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты жедел желі іске қосылды. Бұл жөнінде қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 телефон нөмірлері бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.
Алматыда 23 қаңтарда, түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды.
Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
"Сейсмикалық станциялар желісі "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС мамандары сағат 00:42-де жер сілкінісі қайталанғанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056886-almatydagy-zer-silkinisinen-keiin-zedel-zeli-iske-qosyldy/