Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа жер сілкінісі тіркелді

Опубликовано:

Алматы
Алматы, Медеу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның оңтүстік астанасында тағы да жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ департаментке сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 30 қаңтарда сағат 04:27-де тіркелгені хабарланды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан.

Алматылықтар 2 балдық жер дүмпуін сезді.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Содан бері Қазақстан 2,5 мыңға жуық афтершок тіркелген. Тұрғындар оның тек 12-сін сезген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058144-almatyda-zana-zer-silkinisi-tirkeldi/

pixel