Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысы әкімдігі үйдегі жарылыстан кейін мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Өрт сөндірушілердің өртті сөндіріп жатқан сәті
Өрт сөндірушілер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шенеуніктер облыс тұрғындарын тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Мәлімдеме әкімдіктің сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сондай-ақ екі қабаттан жоғары тұрғын үйлерде газ баллондарына тыйым салынатыны айтылған. Бұл ережені бұзғандарға 7 АЕК (25 844 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, тағы да қайталанған жағдайда - 10 АЕК (36 920 теңге).

"Көпқабатты тұрғын үйде газ баллонын көрсеңіздер - (8-7212) 42-11-05 (тұрғын үй инспекциясы бөлімі) немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар. Газдың шығып кетуіне байланысты авариялық жағдайлар туындаған жағдайда 104 ("AlemGaz" ЖШС орталық авариялық-диспетчерлік қызметі), 101 немесе 112 телефондары бойынша хабарласыңыздар", - делінген мәлімдемеде.

Өонымен қатар, әкімдік өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат тарататын рейдтер, акциялар үнемі өткізіліп тұрадтынын айтады. Тұрғындар үшін өртке қарсы нұсқаулықтар ұйымдастырылып, жадынамалар таратылады. Әкімдік мәліметінше, былтыр бақылау органдары 92 мыңнан астам ауланы аралап, 300 мыңға жуық адам қамтылыпты.

Ақпаратты тарату үшін әлеуметтік желілер де қолданылады.

"Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін тағы бір рет еске саламыз:

  • - екі қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыздар;
  • - үй-жайларды өз бетінше газдандыруды, газ аспаптарын, баллондарды және бекіту арматурасын ауыстыруды және жөндеу жұмыстарын жүргізбеңіздер;
  • - жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыздар;
  • - газдың шығып кетуін тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыздар - мұны сабынды сумен жасау керек;
  • балаларға газ құралдарын пайдалануға жол бермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар", - делінген әкімдік хабарында.

Қарағанды облысындағы тұрғын үйдегі жарылыс

Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде 30 қаңтарда сағат 00:07-де екіқабатты 12 пәтерлі тұрғын үйде екінші қабаттағы пәтерде цилиндрлік газ жарылып, екі адам қаза тапқан еді.

Кейін құтқарушылар үйінді астынан қаза тапқандардың денесін шығарды. Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

ТЖД ақпараты бойынша, сағат 00:11-ден бастап 03:37-ге дейін құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 адам өлі күйінде шығарылған. Тағы 5 адам зардап шеккені белгілі болды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына үш бала жеткізілген.

Кейін облыс әкімдігі Ботақарадағы газ баллоны жарылысынан кейін жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанын, қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058293-qaragandy-oblysy-akimdigi-uidegi-zarylystan-keiin-malimdeme-zasady/

pixel