Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы тұрғын үй кешенінде шабуылға ұшыраған балалар ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

шабуыл
Күдікті мен соққы алған балалар: Видеодан кадр: t.me/nkorganbekova

Кеше, 4 ақпанда Астанадағы тұрғын үй кешенінде шабуылға ұшыраған балалар оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Кешке қарай барлығы да үйіне жіберілді, деп хабарлайды елорданың білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түсірілген видео тараған болатын. Кадрдан кіреберісте үш бала тұрғаны көрінеді. Кенет белгісіз ер адам оларға жақындап келіп, алдымен бір баланы, сосын екіншісін соғып жіберіп, үшіншісін қылқындырады.

Елордалық білім басқармасының мәліметінше, оқиға 4 ақпанда сағат 14:57-де болған.

Кәмелетке толмағандардың бірінің әкесі оқиғадан кейін бірден жедел жәрдем шақырған. Балалар қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Кешке қарай барлығы үйіне жіберілді. Сондай-ақ полицейлер 30 жастағы күдіктіні ұстап, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес, бұзақылық үшін мына жазалардың бірі қарастырылған:

  • түзеу жұмыстары немесе 5 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл (18,4 млн теңге);
  • 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Еске салайық, бұған дейін Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адам балаларды ұрып-соққанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2059160-astanadagy-turgyn-ui-keseninde-sabuylga-usyragan-balalar-auruxanaga-zetkizildi/

pixel