jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Үйінен Lexus көлігін айдап кеткен: қарашада жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны әлі табылмаған

    Көлік салоны
    Көлік салоны. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысында 34 жастағы ер адам қарашада үйінен көлігін мініп шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған. Іздестіру жұмысы бірнеше айдан бері жүргізіліп келеді. Бұл туралы полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жоғалған ер адам туралы ақпарат Lider.kz еріктілер қозғалысының Instagram парақшасында жарияланды.

    Еріктілердің айтуынша, 36 жастағы Әзімхан Ділдабаев былтыр 8 қарашада жоғалып кеткен. Ол түнде Lexus G2 300 көлігіне мініп, Іле ауданында орналасқан үйінен шығып кеткен, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.

    Әзімханның түр-сипаты: бойы 175-180 сантиметр, арық денелі, шашы қысқа әрі қара. Үйден шыққанда үстінде қара күрте мен жеңіл джинсы болған. Оған қоса ұялы телефоны болған.

    Алматы облысы полиция департаменті тілшімізге жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары әрі жүргізіліп жатқанын айтты.

    Ведомство өкілдері кейінірек толық ақпарат ұсынуға уәде берді.

    Үйінен Lexus көлігін айдап кеткен: қарашада жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны әлі табылмаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.