jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында боранда 18 сағат бойы адасып жүрген әйел мен бала табылды (видео)

    Құтқарушылар адасып кеткен адамдарды сүймелдеп келеді
    Құтқарушылар мен адасып кеткен адамдар. Көрнекі фото: instagram.com/112qaragandy_tjd

    Әйел мен жеті жасар бала қыстың көзі қырауда 18 сағат айдалада адасып жүрген. Бұл туралы Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, бүгін түнде Ақтоғай ауданы Айыртас ауылында төтенше жағдайлар департаменті күштері белгісіз бағытқа кеткен 1993 жылы туған әйел мен 2017 жылы туған баланы іздестірді.

    Олар үйінен 7 ақпан күні сағат 14:00 шамасында шығып кеткен.

    Сағат 08:50-де іздестіру тобы жоғалып кеткен әйел мен баланы Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 шақырым жерден тапты.

    Құтқарылғандар Ақтоғай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

    "Ауа райы болжамын қадағалаңыздар. Қолайсыз ауа райында, қарлы боран кезінде үйден шығу қауіпті", - дейді құтқарушылар.

    Қарағанды облысында боранда 18 сағат бойы адасып жүрген әйел мен бала табылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.