Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы жарылыс: зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

Жарияланған күні:

Газ баллоны жарылған екі қабатты үй
Газ баллоны жарылған екі қабатты үй. Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

Қарағанды облысы Ботақарадағы екіқабатты үйдегі жарылыс салдарынан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Салдарынан қаза тапқандар саны үш адамға жетіп отыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна ақпаратынша, қаза тапқан ер адам - шетелдік жұмысшы. Ол аурухана төсегінде көз жұмған.

Сонымен қатар жарылыс болған үйді сүріп тастауға шешім қабылданған. Бұқар-Жырау аудандық әкімдігі ғимарат қалпына келтірілмейтінін растады.

Ведомство ақпаратынша, қираған үйде тұрған тоғыз отбасыға уақытша баспана берілген. Тағы үш отбасы көмектен бас тартып, туыстарының үйіне қоныстанған.

Қарағанды облысындағы тұрғын үйдегі жарылыс

Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде 30 қаңтарда сағат 00:07-де екіқабатты 12 пәтерлі тұрғын үйде екінші қабаттағы пәтерде цилиндрлік газ жарылып, екі адам қаза тапқан еді.

Кейін құтқарушылар үйінді астынан қаза тапқандардың денесін шығарды. Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

ТЖД ақпараты бойынша, сағат 00:11-ден бастап 03:37-ге дейін құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 адам өлі күйінде шығарылған. Тағы 5 адам зардап шеккені белгілі болды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына үш бала жеткізілген.

Кейін облыс әкімдігі Ботақарадағы газ баллоны жарылысынан кейін жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанын, қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2060612-qaragandy-oblysyndagy-zarylys-zardap-sekken-tagy-bir-adam-koz-zumdy/