Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық ару бұрынғы жігіті шабуыл жасағанын айтты: ол әкімдіктің қызметкері болып шықты

Опубликовано:

Күйзеліп отырған әйел
Әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы тұрғыны бұрынғы жігіті қаланың мейрамханаларының бірінде шабуыл жасағанын хабарлады. Ер адам ұсталды. Күдікті қалалық әкімдіктің қызметкері болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға туралы ақпарат ZTB Qazaqstan Telegram-арнасында жарияланды.

Жәбірленушінің айтуынша, 18 ақпанға қараған түні бұрынғы жігіті оған және құрбыларына шабуыл жасаған.

Бұл оқиға мегаполистегі мейрамханалардың бірінде болыпты. Қыздың айтуынша, шабуылдаушы Алматы әкімдігінде жұмыс істеген.

Ол сондай-ақ жігіттің алғаш рет агрессия көрсетуі емес екенін айтты.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі аталған тұлғаның 2022 жылдың қарашасынан бастап бүгінге дейін Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының бас маманы болғанын растады.

"Осы оқиғадан кейін Д. биылғы 19 ақпаннан бастап өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. Өтінішті кадр қызметі қабылдады және "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңының 61-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Д. атқаратын қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Әкімдік қазір жанжалдың мән-жайын құқық қорғау органдары тексеріп жатқанын атап өтті. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Медеу ауданының полиция басқармасы дене жарақатын салу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындады. Ер адам ұсталды. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Шешім қабылдау үшін іс жүргізу материалдары сотқа жіберіледі", - деді тәртіп сақшылары.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының аяғында камераларға Шымкенттегі кафе қызметкеріне шабуыл жасалған сәт түсіп қалған болатын.

Ал өткен жылдың қазан айында қыздың Алматыда жаңа танысымен кешкі астан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Оның туыстары жігіт пен қыздың арасында жанжал болғанын, содан кейін ер адам оны ұрып жібергенін айтты. Қыз басын жиектасқа соғып, қайтыс болды.

Сондай-ақ қараша айының басында қазақстандықтарды атышулы оқиға дүр сілкіндірді. 9 қарашада Астана мейрамханаларының бірінде дене жарақатының салдарынан әйел қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды.

ҚР бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұрып-соғуға күдікті екені белгілі болды. Марқұм Бишімбаевтың екінші әйелі Салтанат Нүкенова болып шықты.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеудің аяқталғаны белгілі, жақында материалдар сотқа жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061788-almatylyq-aru-buryngy-zigiti-sabuyl-zasaganyn-aitty-ol-akimdiktin-qyzmetkeri-bolyp-syqty/

pixel