jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

    Снежная улица
    Снегопад в Алматы. Иллюстративное фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматылықтар жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-арнасында хабарлады.

    ТЖМ мәліметінше, "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеген.

    Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан Қытай аумағында - афтершок.

    Сезілуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.

    "Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді", - делінген хабарда.

    Бұған дейін Үкімет брифингінде төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыда күшті жер сілкінісі ықтымалдығы қандай екенін айтқан еді.

    "Ешкім 100 пайыз кепілдік бере алмайтынын айтқым келеді. Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын ескерсек, ол сонымен қатар ең биік ғимараттары бар, халық ең тығыз орналасқан қала екенін түсінеміз.

    Біз жағдайдың күрделілігін түсінеміз және Төтенше жағдайлар министрлігі ретінде барлық тиісті жұмысты тәжірибеде іске асыра бастадық", - деп сендірген еді министр.

    Алматыдағы жер сілкінісі

    Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

    Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

    Содан бері Қазақстанда 2,5 мыңға жуық афтершок тіркелген. Тұрғындар оның тек 12-сін сезген.

    Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.