Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда базардан өрт шықты

Опубликовано:

Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 4 наурызда таңертең "Береке" сауда базарынан өрт шықты – екі бутик өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, өрт сауда базары аумағындағы тұтыну тауарлары бар екі сауда бутигінен шыққан.

Өртсөндірушілер сағат 06.15-те өртті оқшаулап, сағат 06.18-де сөндіріп үлгерген.

Алдын ала болжам бойынша 50 шаршы метр аумақты жалын шарпыған.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деп хабарлады ТЖМ өкілдері.

Айта кетейік, 27 ақпанда таңертең Астана әуежайындағы терминалдың электр қалқанында өрт шығып, адамдар эвакуацияланды.

Өрт салдарынан Астана әуежайынан ұшатын 18 рейс (14 рейс Қазақстан ішінде, 4 халықаралық рейс) кешіктірілген еді. Түстен кейін әуежайдың ішкі және халықаралық рейстер терминалындағы жұмыс қайта жанданып, кешіктірілген рейстер ұша бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064262-almatyda-bazardan-ort-syqty/

pixel