jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Астана халықаралық әуежайында кешіктірілген рейстер ұша бастады

ұшақ борты
Ұшақ іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Елорда әуежайындағы жағдай тұрақталып келеді. Әуежайдың ішкі және халықаралық рейстер терминалындағы жұмыс қайта жанданып, жолаушылар тіркеуден өте бастады, алты рейс әуежайдан ұшып кетті. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Осыған дейін төтенше жағдай салдарынан Астана әуежайынан ұшатын 18 рейс (14 рейс Қазақстан ішінде, 4 халықаралық рейс) кешіктірілген еді.

"Әуежайдың ішкі және халықаралық рейстер терминалындағы жұмыс 10:48-де жанданып, жолаушылар тіркеуден өте бастады", - делінген комитеттің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше:

  • DV702 Астана-Шымкент рейсі 12:23-те;
  • IQ389 Астана-Жезқазған 12:26-да;
  • IQ437 Астана-Петропавл 13:38-де;
  • KC952 Астана-Алматы 12:46-да;
  • КС7052 Астана-Алматы 13:36-да;
  • KC205 Астана-Дубай 13:04-те ұшты.

"Төтенше жағдай кезінде елорда әуежайында ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің басшылығы, ҚР Авиациялық әкімшілігі қызметкерлері және Terminals Airport Astana Management LLP, әуежай қызметкерлерінің қатысуымен оперативті штаб құрылып, жедел әрекет етті.

Эвакуацияланған жолаушыларға сусын, жеңіл тағам ұсынылды", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері жолаушылардың қауіпсіздігі әуежай басшылығының басты назарында екенін, сондықтан әуежайдағы қауіпсіздік шараларын қалыпқа келтіру және күшейту шаралары жалғасатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін, 27 ақпанда таңертең Астана әуежайынан адамдар эвакуацияланды – терминалдың электр қалқанында өрт шыққан.

Астана халықаралық әуежайында кешіктірілген рейстер ұша бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.