Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ТЖД бастығы үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Атығаев
Нұрлан Атығаев. Фото: Алматы ТЖД

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін еске салды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары және қонақтары, Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі болды. Дүрлікпеңіздер. Бірінші тербеліс аяқталғаннан кейін ғимараттардан шығыңыз, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктеріне барыңыз. Тек ресми көздерден алынған ақпараттарға сеніңіз.

Назар аударыңыз! Сирена сигналын естігеннен кейін құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң қосымша ақпарат жеткіземіз", - деді Атығаев.

Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22 де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064312-almatydagy-zer-silkinisine-bailanysty-tzd-bastygy-undeu-zasady-video/

pixel