Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 тонна астық болды": ШҚО-дағы элеваторда шыққан өрт сөндірілді (видео)

Опубликовано:

ШҚО-дағы элеваторда болған өрт
ШҚО-дағы элеваторда болған өрт. Фото: t.me/qr_tjm

ШҚО-дағы элеваторда шыққан өрт сөндірілді. Ведомство ақпараты бойынша, кептіргіште шамамен 10 тонна астық болған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, сағат 12:30-де ШҚО-дағы элеваторда шыққан өрт сөндірілді.

"Кептіргіште шамамен 10 тонна астық болған. Өрттің ауданы 120 шаршы метрге жеткен.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 90-ға жуық адам, 12 бірліктен астам техника, ҚТЖ 1 өрт сөндіру пойызы, ТЖД және "Васкен" ЖШС қатысты", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ТЖМ мәліметіне сүйенсек, алдын ала болжам бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасы сақтамалмаған әрі технологиялық процесс бұзылған. Салдарынан өрт шығуы мүмкін.

Еске салайық, бүгін ШҚО-дағы элеваторда өрт шыққанын жазған едік. Бұған дейін ведомство өкілдері элеваторда 20 тонна астық болғанын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065266-10-tonna-astyq-boldy-sqo-dagy-elevatorda-syqqan-ort-sondirildi/

pixel