БҚО-да үш көлік соқтығысқанның салдарынан жүкті әйел жансақтау бөліміне түсті
Жарияланған күні:
Читать на русскомБатыс Қазақстан облысында үш көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан бес адам зардап шекті, оның ішінде жүкті әйел бар, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Портал ақпаратына сәйкес, жол-көлік апаты бүгін шамамен сағат 09:00-де Бөрлі-Ақсай тас жолындағы Пугачево ауылының маңында болған. BMW, Lada Granta мен Skoda маркалы үш көлік соқтығысқан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты салдарынан бес адам зардап шеккен, оның ішінде жүкті әйел бар. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.
"31 жастағы аяғы ауыр әйел полижарақаттар алған, оның жүктілігі 28-аптада. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Халі мүшкіл. Тағы бір 40 жастағы зардап шеккен адам хирургия бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған", – делінген хабарламада.
Қалған зардап шеккендердің үшеуі амбулаториялық емделуге үйге жіберілді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында Өлке ауылының маңында жол апаты болғаны хабарланған еді. Жол-көлік апаты салдарынан 8 адам зардап шекті.
Сондай-ақ Алматылық тәртіп сақшылары 15 наурызда 22 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін мәлімдеген болатын. Ол уақытта Алматыда бір күн бұрын, яғни 14 наурызда қалың қар жауып, көлік кептелісі байқалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2071068-bqo-da-us-kolik-soqtygysqannyn-saldarynan-zukti-aiel-zansaqtau-bolimine-tusti/