Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жауған қар: қала жолдарында бір тәулікте 20-дан астам жол апаты болды

Опубликовано:

Орал, жол апаты
Орал, жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/policebqo

Алматылық тәртіп сақшылары соңғы тәулікте 22 жол-көлік оқиғасын тіркеді. Алматыда бір күн бұрын қалың қар жауып, көлік кептелісі байқалды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицейлердің мәліметінше, қалың жауған қарды тазалау кезінде патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальонның 25 экипажы қар тазалау техникасына жол бастап жүрді.

Тәртіп сақшылары күн райы нашарлаған кезде тіркелген жол-көлік апаттары туралы мағлұмат берді.

"Соңғы тәулікте қалада барлығы 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қаза тапқандар жоқ. Толассыз жауған қар қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатқаны анық: кептеліс пайда болып, көліктердің жолда жүруі қиындады.

Бірақ тәжірибе көрсеткендей, көбінесе бұл құбылыстар жол қозғалысына қатысушылардың нашар тәртібінен туындайды: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар, қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрмет көрсетпейді, жаяу жүргіншілер жолдың арнайы белгіленбеген бөлігінен өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсер етеді", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

Айта кетейік, қалада кеше кешкісін ауа райы күрт нашарлап, қалың қар жауды. Соның салдарынан қатты кептеліс байқалды.

Бұған қоса күн райының нашарлауынан Алматы әуежайы уақытша жабылғанын жазған едік. Әуежайдың баспасөз қызметі түнде ұшу және ұшып кету бойынша рейстерге қызмет көрсету жұмыстары қайта жанданғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2068767-almatyda-zaugan-qar-qala-zoldarynda-bir-taulikte-20-dan-astam-zol-apaty-boldy/

pixel