Алматыдағы дәмхананың жанынан сырғыма түсті (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда "Жайлау" этно-дәмханасының маңында 23 наурызда таудан сырғыма түсті. Мекеме әкімшілігіне дәмхананы жабу ұсынылды, деп хабарлайды "Казселезащита" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ "Казселезащита" мемлекеттік мекеменің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, жауын-шашын болып, қар еріп, сондай-ақ еріген қар суы аққандықтан топырақ батпақтанған. Бұған дейін 2022 жылдың 28 наурызында тау баурайынан жекеменшік мектептің жоғарғы бөлігінен сырғыма түскен болатын. Кейін ол учаскені қайта тегістеген. Дегенмен дәмхананың жанынан түскен сырғыма тау баурайының тегістелген учаскесінің сол жағынан түскен.
Ведомство өкілдері бұл учаскеде бұрын жер құрғақ болғанын әрі ол мектеп құрылысын жоспарлау кезінде тегістелгенін айтты. Топырақ орман саздақтарына жатады. Осы орайда еңістің беті геоторлармен бекітілген, бірақ айтарлықтай нығайтылған жоқ.
"Тау бөктерінде көшкін қаупі бар және ол қайталануы ықтимал. Көшкін болған жағдайда төрт қабатты дәмхана ғимараты мен қосымша құрылыс нысандары қауіпті аймақта болады. Көшкін мәселесі тұрақталғанша дәмхана әкімшілігіне оны жабу ұсынылды", – деді "Казселезащита" өкілдері.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, сырғыма – ол ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы және тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбіне жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстары және т.б.).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2072805-almatydagy-damxananyn-zanynan-syrgyma-tusti-foto/