Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нөсер жаңбырдың салдарынан Шымкентте көшелерді су басты (фото)

Жарияланған күні:

Шымкентте көшелерді су басты
Шымкентте көшелерді су басты. Фото: instagram.com/akimat_shymkent

Шымкентте бірқатар елді мекенде тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан бірнеше көшені су басты. Қала әкімдігі 20 техника мен 100-ден астам қызметкерді жұмылдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Шымкенттің екі елді мекенінде – Абдулабад пен Елтайда тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан бірнеше көшені су басты.

"Жаңбыр суын сору жұмыстарын үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Құрамында әкімдік, коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бар.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков шұғыл түрде аталған елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексеріп, жауаптыларға халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл жағдай қала әкімінің тұрақты бақылауында", – деп хабарлады Шымкент әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қатты жауған жаңбырдың салдарын жоюға ТЖМ мен әкімдіктің 100-ден астам қызметкері және 20 техника, 10 мотопомпа жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Шымкентте сенбіге дейін жаңбыр жауады деп болжаған еді. Ал 31 наурызда қалада күн бұлтты болуы ықтимал.

Сондай-ақ еске салайық, наурыздың 28-і кешке Алматыда ауа райы күрт бұзылған еді: аспанды бұлт торлап, жел күшейіп, қаланы шаңды дауыл басты. Кейін күн күркіреп, қатты жаңбыр жауды.

Сондай-ақ ауа райы қолайсыздығына байланысты ТЖД қызметтің күшейтілген түріне ауыстырылды.

Бұдан бөлек Алматыда 10 балдық көлік кептелісі тіркелгенін жазған едік. Оған себеп – ауа райының күрт нашарлауы. Жел күшейіп, найзағай ойнады әрі нөсер жаңбыр жауды.

Кейін қолайсыз ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайы рейстер кешігетінін ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2075028-noser-zanbyr-zaugannyn-saldarynan-symkentte-koselerdi-su-basty-foto/