Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да су тасқыны кезінде сібір жарасы қорымын және мал қорымдарын су басты

Опубликовано:

Сиырлар
Сиырлар. Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстанда су тасқыны кезінде сегіз мал қорымы мен 14 сібір жарасы қорымын су басқан. Мамандар қауіпті инфекцияларға қарсы вакциянация жасайды, деп хабарлады "Мой город" басылымы.

Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы Нұрқайыр Құсайынов су тасқыны кезінде 8 мал қорымы мен 14 сібір жарасы қорымын су басқанын айтты.

Дереккөз ақпараты бойынша, төтенше жағдай болған аумақтарда жануарларды қауіпті жұқпалы аурудан аман сақтау мақсатында әр мал басы ветеринариялық қызметтердің бақылауында болады. Сонымен қатар сібір жарасы мен эмфизематоздық карбункулға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізіледі. Себебі бұл жұқпалы ауруларды туындататын элементтер топырақта сақталады.

Сондай-ақ Құсайыновтың айтуынша, су тасқыны кезінде 2277 бас ірі қара, 2480-ден астам ұсақ мал, 50-ден астам жылқы және бір түйе қауіпсіз жерге айдалғаны хабарланды. Алдын ала мәліметтер бойынша 219 бас ірі қара, 1500-ден астам ұсақ мал, 54 жылқы, 97 шошқа, 119 құс өлген.

Еске салайық, бүгін Оралда су деңгейінің көтерілуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында халықты эвакуациялаудың екінші кезеңі жүргізілетінін жазған едік.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның су басқан аймақтарында ауыз судың ластанғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде туындаған табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2081171-bqo-da-su-tasqyny-kezinde-sibir-zarasy-qorymyn-zane-mal-qorymdaryn-su-basty/

pixel