Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы су тасқыны: Ақтөбе облысында кей ауылдар картадан жойылып кетуі мүмкін (видео)

Опубликовано:

Тасқын судан шеккен ауыл
Ақтөбе облысындағы тасқын судан зардап шеккен ауыл. Видеодан кадр: 24.kz

Тасыған су салдарынан Ақтөбе облысындағы кей ауыл ел картасынан жойылуы мүмкін. Үйлері қираған Екпетал елді мекенінің тұрғындары түгелімен аудан орталығына көшуді жөн санайды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Телеарна тілшісінің мәлімдеуінше, облыстағы Саралжын ауылы іргесіндегі Ақкемер ауылында тасқыннан зардап шеккен үй саны оннан асады. Ауыл тұрғындарының ендігі үміті аудан әкімдігінде, ал көрші Қараталды халық қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Қаратал ауылында 1182 адам тұрады. Қазір олардың дені аудан мен облыс орталығына кетті. Себебі пана болар баспаналардың өзі де коммуналдық желілерден ажыратылған.

Ауылдағы 236 үйдің 98 пайызын су басқан. Тұруға қауіпті. Саман кірпіштен салынған үйлер суға шыдас бермеді.

Көгілдір отыны мен ауызсуы тартылған, асфальт жолы бар туған жерді ешкімнің тастап кеткісі жоқ. Есеңгіреп қалған ел мемлекеттен қолдау дер кезінде көрсетілсе дейді.

"Бүкіл техника, киім-кешек бәрі осы. Дымсыз қалдық. Холодильник жатыр қарасаңыз. Газымды басып кеткен. Мынау былтыр ғана кірген газ еді ауылға. Үйге кіргізіп едім былтыр. Шыны керек бүкіл техниканы несиеге алдым", - Қаратал ауылының тұрғыны Серік Жолдығали.

Ол былтырғы топан судан үй-жайын әрең жөндеп болғанда биыл тағы да зардап шекті. Бұл жолы екпіндеп келген сең үйін түгел жайпап өткен.

"Су келгеннен бері газ, жарық, су бәрі сөндірілді. Газды әлі қосуға мүмкіндік болмай отыр. Себебі құлаған, бұзылған үйлердің арасында ішінде жыртық-тесік бар ма, жылу жүйелері, батарейкалары сынып жатыр. Оған ауданнан мамандар келіп, әбден тексеріп алмай, қоса алмай тұрмыз.

Су мәселесінде ауылымыздың шетінде өзіміздің сусорғыш бар. Бұрынғы келіп тұрған су бар ішінде. Әзірге қоры жеткілікті. Сол суды тасып ішіп отырмыз", - дейді Шығанақ Берсиев ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Шәуменов.

Ойыл ауданында топан су Қараталдан бөлек, Екпетал ауылын да басқан. Мұнда барлық үй қирап қалды. Жергілікті билік тұрғындарға аудан орталығынан баспана салып бермек. Қажетті инфрақұрылымы да дайын.

Телеарна тілшісі табиғаты тамылжыған орманның бөктеріндегі елді мекен ел картасынан біржола жойылуы әбден мүмкін екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2083526-qazaqstandagy-su-tasqyny-aqtobe-oblysynda-kei-auyldar-kartadan-zoiylyp-ketui-mumkin-video/

pixel