Қазақстандағы су тасқыны: ЖОО студенттері қашықтан оқытуға көшуі мүмкін
Жарияланған күні:
Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов өңірлердегі су тасқынына байланысты студенттерді қашықтан оқытуға көшіруге болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов бүгінде Қазақстанның тоғыз облысындағы 30 жоғары оқу орны су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіп жатқанын айтты.
Оның айтуынша, эвакуацияланғандарды орналастыру үшін 16 жоғары оқу орнының жатақханаларында 3 мыңнан астам орын дайындалған. Бүгінде мұнда 548 адам орналасса, оның 228-і мектеп жасындағы балалар.
"Қазір зардап шеккен аудандардың тұрғындары зардап шеккен үйлер қалпына келтірілгенге дейін және жаңа үйлердің құрылысы аяқталғанша жатақханаға орналастырылуы үшін студенттерді қашықтықтан оқыту форматына көшіру мәселесі қарастырылуда.
Әзірге бұл форматқа бір ғана ЖОО – Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті көшті. Олар қашықтан оқытуға көшті", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083349-qazaqstanda-su-tasqyny-zoo-studentteri-qasyqtyqtan-oqytuga-kosui-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.