jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандағы су тасқыны дрондар арқылы бақыланады (фото)

Атырау
Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлдық зауыт су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылау үшін Төтенше жағдайлар департаментін өзі өндірген дрондармен қамтамасыз етті. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Жедел штабтың жұмысын тексерді. Жергілікті кәсіпорын "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ штабты су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды барлау үшін тепловизоры бар дрондармен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен қамтамасыз етті.

Роман Скляр технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, тасқын қаупі бар аймақтағы судың толып кету деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауға кірісуді тапсырды.

Атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдаған премьер-министрдің бірінші орынбасары аумақты суретке түсіру және деректерді ішкі радиобайланысы бар картаға 2D форматында лезде жіберу үшін барлау дрондарын белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті.

Дрондар
Су тасқынын бақылайтын дрондар. Фото: primeminister.kz

"Тасқын су қалаға жетті, сондықтан біз кезекшілікті тұрақты түрде қамтамасыз етуіміз керек. Барлық мобильді топ толығымен дайын тұруы қажет. Жергілікті жерде жұмыс істейтін топтар жағдайды дереу хабарлауға тиіс.

Су тасқыны қаупінің қаншалықты маңызды екенін түсіне алмайтын азаматтар болса, эвакуация жүргізілген барлық елді мекендерді қайта тексеруді тапсырамын. Барлық адамның қауіпсіз аймақта болуын қадағалау керек", - деп тапсырды Роман Скляр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мобильді топтар, арнайы техникалар, қосымша жүк тиегіштер, инертті материалдар тасқын қаупін жоюға дайын болуы керектігін баса айтты.

Қазақстандағы су тасқыны дрондар арқылы бақыланады (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.