Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының Бостандық ауданында қар көшкіні жүрді

Жарияланған күні:

тау
Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының Бостандық ауданында қар көшкіні тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

"Түскен қар массасының көлемі 5000 текше метр болды. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ", - делінген хабарда.

Төтенше жағдайлар министрлігі өңірде көшкін қаупі сақталатынын еске салады, азаматтарды таулы жерлерге бармауды ескертті.

Айта кетейік, сәуір айының басында Алматы облысы тауларында қар көшкіні жүріп, көлік жолын жауып тастаған еді. ТЖД өкілдері тұрғындар мен қала қонақтарына осы айда тауға бармауға кеңес берді.

Сонымен қатар 12 сәуірде ШҚО-да топырақ көшкіні жүріп, тасжолдың бір бөлігі опырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2085014-almatynyn-bostandyq-audanynda-qar-koskini-zurdi/