jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жетісу облысында мал бағуға шығып кеткен ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр

    Полицей
    Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ

    Жетісу облысы Көксу ауданы Еңбекшіқазақ ауылының 30 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды. Ол 23 сәуір күні атпен мал бағуға шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсеноваға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сандуғаш Дүйсенованың Instagram-дағы жеке парақшасында жарияланған ақпартқа сүйенсек, ұлы жоғалып кеткенін полицияға әкесі хабарлаған. Жігіт ұялы телефонын ала шыққан, бірақ қазір ол сөндірулі тұр.

    Бұған қоса Көксу өзенінің бойынан жігіт мініп шыққан ат табылғаны белгілі болды. Оны іздеуге полицейлермен бірге жергілікті тұрғындар мен еріктілер шыққан.

    Жетісу облысының полиция департаменті бұл жайтқа түсініктеме берді.

    "Ер адам жоғалып кеткені жөніндегі факт Көксу аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазір тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалып кеткен адам жүрген жерді анықтауға бағытталған шараларды іске асырып жатыр", - дейді ведомство өкілдері.

    Жетісу облысында мал бағуға шығып кеткен ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.