Алматы облысындағы мектепте 10 жастағы қыз бала көз жұмды
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушысы қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиғаның мән-жайын облыстық білім басқармасы өкілдері айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Telegram-дағы egovpress арнасы оқиға орнында түсірілген видеоны жария етті. Видео сипаттамасында Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушысы көз жұмғаны жазылған.
"Ата-анасы мектеп басшылығы мен жедел жәрдем қызметкерлерін әрекетсіздігі үшін және немқұрайлығы үшін кінәлап отыр. Жап-жақын жерге 40 минут бойы жете алмай әрең келді", - делінген хабарламада.
Алматы облысы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқиға 23 сәуірде Қарасай ауданындағы Қошмамбетов атындағы мектепте болған.
"Сабақ үстінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы №118 бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", - делінген хабарламада.
Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2093522-almaty-oblysyndagy-mektepte-10-zhastagy-qyz-bala-koz-zhumdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.