Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамға айдаладағы біреу көмектеспеуі керек": Әсел Асқар психологтарға жоламауға кеңес берді

Опубликовано:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram/assel.askar

Танымал қазақстандық блогер Әсел Асқар соңғы кездері әнші, актриса ретінде бағын сынап, талай белесті бағындырып жүр. KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында ол жеке табысы, шығармашылығы және өмірден алған сабақтары туралы айтып берді.

Әсел ханым сұхбатқа келіскеніңізге рақмет. Әңгімені шығармашылық жаңалықтан бастайықшы?

Әнімді шығарып жатырмын. Әйел болмысының мықтылығы туралы ән болмақ. Әлі дайындық процесінде. Ол туралы ашып айта алмаймын. Тақырыбы – ауыр. Шыққан кезде көзайым боласыздар.

Соңғы кездегі қазақ киноидустриясын қалай бағалайсыз?

Жоғары! Қазір өте мықты фильмдер шығып жатыр. Мен мүлде шетелдік киноларға бармаймын. Кинотеатрға тек отандық фильмдерді көру үшін барамын.

Өзіңізге қаншалықты жиі шақырту түседі?

Соңғы кезде шақырту өте көп түсіп жатыр. Өйткені кино шығарушылар менің киноға келгенімді түсініп жатыр. Менен пайда көп қой. Менің аудиториям кең. Мен ештеңеден бас тартпаймын. Шығармашылық үшін, өнер үшін бәріне дайынмын. Оның үстіне, мен тегін жарнама жасап беремін. Олар сұраса да, сұрамаса да жасай беремін.

Киноға шақыру туралы ұсыныстарды сараптайсыз ба?

Мен мүлде ештеңеден бас тартпаймын. Ұсыныс түсті ме, "кеттік" деймін.

Ал гонарар мәселесі қандай?

Менде қатып қалған қағида жоқ. Кастинг директорлар мені сыйлағандықтан, өздері лайықты сома ұсынып жатады. Қаражаты аз болса да, келіспей тұрып алмаймын. Егер тамырын басып сөйлесе шешілмейтін мәселе жоқ қой.

Ең көп көлемдегі гонарарыңыз қанша болды?

Кинода көп гонарар жоқ. Бәрі біркелкі төленеді. Негізгі нанымды жарнамадан табамын.

Instagram-да мықты аудитория жинау үшін қандай кеңес бересіз?

Мен өзімді блогер деп есептемеймін. Бірақ, кеңес берер болсақ, біріншіден өзіңіздің фишкаңыз болуы керек. Мысалы мені халық шынайылығым үшін жақсы көреді. Қалай бар, солай айта саламын. Ұнаса да, ұнамаса да мені қабылдаңыздар деп айтамын. Халық арасындағы әлеуметтік мәселелерді де ашық қозғай беремін. Мысалы сәлем салуға мен қарсымын деп айтамын. Ол халыққа ұнаса да, ұнамаса да өзімнің пікірім. Менің аудиториям - менімен бір ойда жүретін қыздар. Олар мені оқиды, менен қолдау күтеді.

Жарнамадан нан тауып отырмын дедіңіз. Ең қомақты гонорарыңызды айта аласыз ба?

Құпия емес. Жарнама жасау құны 300 мыңнан басталады. Ең қымбаты 7 млн теңгеге дейін барады. Мен тапқан ақшамнан салық төлеймін. Бәрі заңды. Жеке есепшім бар.

Қаржылық сауаттылықты қаншалықты меңгергенсіз?

Қаржылық сауаттылықты мүлде түсінбеймін. Ақша үнемдемеймін. Эмоциямен қалаған, көрген затымды алып қоямын. Соңғы ақшам болып тұрса да, ұнатқан затым болса сатып ала саламын.

Психологтармен жиі кеңесесіз бе?

Мүлде психологтарға жоламаңыздар! Психологқа бару ақшаны желге ұшыру ғой. Өзім бармаймын. Соңғы екі жылдан бері психологтардың кабинетіне аяқ баспадым.

Не үшін мұндай шешімге келдіңіз?

Адамға айдаладағы біреу емес, өзі көмектесуі керек қой. Адам жұмысты өзімен өзі жасау керек. Өзіне приоритет қоя білу керек. Өзгергің келе ме, жоқ па? Сосын жақындарың қасыңда болса, бәрі жақсы болады.

Бір кездері курс өткіздіңіз ғой. Өкінесіз бе? Ішінде психологияға қатысты да сабақтар бар еді

Өкінбеймін. Керісінше, қыздардың тарапынан "курсты тағы өткізіңізші" деген сұраныстар көп. Ол жерде психология жоқ. Тек алгоритмдер, былай істесең былай болады деген сияқты.

Сұранысқа сай курсты қайтып өткізу ойыңызда бар ма?

Жоқ. Қазір жігітпен қарым-қатынас құрып жатқан жоқпын. Сол үшін менің өзіме ол тақырып сәл қызық емес. Ол курсты мен жігітпен жүріп жүрген кезде, шынымен сондай жағдайлар басымнан өтіп жатқан кезде жүргіздім.

Біздің қоғамда "Ажырассам, бақытты боламын" деген де түсінік бар. Себебі, ажырасқан әйелдер тұрмыстан кейінгі өмірдегі сәттерін жиі жариялап жатады...

Әркімде түрлі жағдай ғой. Күйеуіне қызмет жасау керек деген түсінік әйелді құртады. Отбасында әйел мен еркек бір-біріне серік болуға тиіс. Көп жігіт белсенді қызға ғашық болып қалады. Сосын тұрмыста ол қызды сындыруға тырысады. Қыздың пысықтығын сындырғаннан кейін ол жігітке қызық болмай қалады. Кейін жігіт көшеге қарайды. Өзіне қызық адам іздейді. Мен өзімнің өмірімнен де айтамын. Отбасылық өмірге көп адам саналы түрде келмейді. Сол үшін қателеседі. Мен өзімде қанша рет қателік жасадым ғой. Қателескен соң өмірін бұрынғыдан да жақсы еткісі келеді. Себебі адам үйреткеннен гөрі, өзі құлағаннан кейін, шалынғаннан кейін ғана қателігін түсініп, жақсы жаққа өзгереді.

Сұқбаттасқан Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093441-adamga-aidaladagy-bireu-komektespeu-kerek-asel-asqar-psihologtarga-zholamauga-kenges-berdi/

pixel