Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кірпіні доп қылып ойнаған Ақтөбе тұрғындарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Ақтөбе полиция бөлімшесіне жеткізілген жас жігіттер
Полиция бөлімшесінде отырған жігіттер. Фото: polisia.kz

Желіде бірнеше жігіт тірі кірпімен футбол ойнап жатқаны түсірілген видео тарады. Полицейлер олардың үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әлеуметтік желіде бір топ жігіттің тірі кірпіні доп қылып теуіп, "футбол" ойнап жатқаны түсірілген видео пайда болды. Видео Instagram-дағы info.aqtobe парақшасында жарияланды.

"Жас жігіттер футбол ойнауды ойлапты. Алайда доптың орнына кірпімен ойнаған", - делінген хабарламада.

Бұл жайт полицейлердің назарына ілігіп, қылмыстық іс қозғалды.

"Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында бір топ жастар футболды тірі кірпімен тепкілеп ойнағаны анықталды. Тексеру барысында бұл оқиға Ақтөбе қаласында болғаны белгілі болды.

Күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 316-бабына сәйкес, жануарларға қатыгездікпен қарау оның мертігуіне әкеліп соққан жағдайда, 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2101937-kirpini-dop-qylyp-oinagan-aqtobe-turgyndarynyng-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/