Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жол опырылып, көліктер ойыққа түсіп кеткен (видео)

Жарияланған күні:

Атырау облысындағы тасжолда ойық пайда болды
Атырау облысындағы тасжолда ойық пайда болды. Фото: NUR.KZ/автордан

Желіде Атырау-Индер тасжолы опырылып, жүк көлігіне тиелген жәшіктерден жеміс-жидектер ақтарылып түскен видеосы тарады. Әкімдік өкілдері оқиға болған жерде шұғыл қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атырау қаласынан 27 шақырым жерде асфальт опырылған.

Оқиға 17 мамырда таңғы сағат 07.00 шамасында 17-ауыл тұсында болған. Салдарынан ГАЗель мен жеңіл автокөлік жол ойығына түсіп кетті.

ГАЗель авткөлігінен жәшіктер құлап, жеміс-жидектер жол бойына төгілді. Жүргізушісі ойықтан көлігін өздігінен шығара алмады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жеткен.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың хабарлауынша, қазіргі кезде "Атырау-Индер" тасжолының 27-шақырымында шұғыл қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Талдыкөл ауылын газбен қамтамасыз етіп тұрған құбырының айналасына өр суы таралып, салдарынан топырақ пен трасса опырылып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбырының бүлінуі, газ тарау дерегі тіркелген жоқ. Атырау облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары қазіргі уақытта жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 4 арнайы техника, 15 маман жұмылдырылды. Жол бүгін, яғни, 17 мамыр кешкі уақытына дейін толық қалпына келтіріледі", - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Әкімдік мәліметінше, 27-28 шақырым аралығында автокөлік жүргізушілеріне айналма жолмен жүруге мүмкіндік бар. Атырау қалалық полиция басқармасы Жол жүру техника инспекциясы қызметкерлері жолдағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.

Авторы: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2102372-atyrau-oblysynda-zhol-opyrylyp-kolikter-oiyqqa-tusip-ketken/