Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында аудан әкімінің әйелі 11 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін айтты

Опубликовано:

Ақмарал Үмбетқалиева
Ақмарал Үмбетқалиева. Видеодан кадр: tiktok.com/qazaqstan_qalaisyn

Әлеуметтік желіде өзін Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың жұбайымын деп таныстырған Ақмарал Үмбетқалиеваның бейнежазбасы пайда болды. Онда ол жылдар бойы күйеуінен қорлық көргенін айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақмарал Үмбетқалиева видеода күйеуіне бұған дейін де полицияға шағымданғанын, алайда бір рет арызын қайтарып алғанын айтады. Оның айтуынша, күйеуі – Мақат ауданының әкімі әрі Олимпиада ойындарының қатысушысы Ринат Ибрагимовке қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша іс қозғалған.

"2021 жылы таңғы сағат төртте алкогольге мас күйде мені ұрып, бетімді жарақаттады. Балалардың көз алдында болды. Содан кейін мен жедел жәрдем мен полиция шақыруға мәжбүр болдым. Алайда ол менен арызымды балалар үшін қайтарып алуды жалынып сұрағандықтан одан бас тарттым. Бұндай жағдай 2023 жылы 31 мамырда қайталанды. Ринат Ибрагимов қайтадан балалардың көзінше теуіп, мені мүгедек жасаймын деп айтып тұрып, қол көтеріп, соның салдарынан менің омыртқам, сегізкөзім сынды, бір ай жүре алмай жаттым. Осы уақытта ол өзінің жағдайын, таныстарын пайдаланып, балаларымды заңсыз тартып алды, мен оларды бір жыл көрген жоқпын", - дейді ол.

Бұған қатысты портал тілшісінің сауалына облыстық полиция департаментіндегілер іс ақпанда сотқа жолданғанын хабарлады.

Атырау облыстық соты өкілдері қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралып жатқанын жеткізді. Келесі сот отырысы 29 мамырда өтетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102216-atyrau-oblysynda-audan-akimining-aieli-11-zhyl-boiy-turmystyq-zorlyq-zombylyq-korgenin-aitty/