jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Атырау облысында әйелінің шағымынан кейін аудан әкіміне қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды

Мақат ауданының әкімі
Мақат ауданы әкімі Ринат Ибрагимов. Фото: maqat-tynysy.kz

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды. Бұған дейін әкімнің жұбайы желіде видео жариялап, 11 жыл бойы күйеуінен жәбір көргенін айтқан болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атырау облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды.

"Бұған дейін Ақмарал Үмбетқалиева есімді азамат Атырау облысы әкімдігіне хабарласқан емес. Жаңадан белгілі болып жатқан жағдайға байланысты қызметтік тексеріс тағайындалды", - деді әкімдіктің баспасөз хатшысы.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың жұбайы Ақмарал Үмбетқалиеваның бейнежазбасы пайда болды. Онда ол жылдар бойы күйеуінен қорлық көргенін айтқан. Қазіргі таңда Ринат Ибрагимовке қатысты қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралып жатыр.

Айта кетейік, Ринат Ибрагимов Мақат ауданына 2022 жылы әкім болып келді.

"Мақат тынысы" сайтының мәліметінше, Ринат Ибрагимов спорт саласында көптеген жетістікке қол жеткізген. Ол дзюдодан Әлем кубогының иегері, 2008 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ Пекин және Лондон Олимпиадасына қатысқан.

Атырау облысында әйелінің шағымынан кейін аудан әкіміне қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.