jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында вандалдар соғыс ардагерлерін еске алу алаңына қойылған гранит плиталарды қиратқан

    Қирап жатқан гранит плиталар
    Қирап жатқан гранит плиталар. Видеодан кадр: polisia.kz

    Ақмола облысында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандар мен интернационалист-жауынгерлерді еске алуға арналған саябақта гранит тақталар қиратылды. Вандализмге күдікті кәмелет жасына толмаған бозбала болып шықты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның ақпараттық медиа-порталында жарияланған ақпарат бойынша, өрескел жағдай 27 мамырда Бұланды ауданының Макинск қаласында болған: белгісіз адамдар Екінші дүниежүзілік соғыста және Ауғанстандағы соғыс жылдарында қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерді еске алу алаңына орнатылған гранит плиталарды қиратқан.

    Полиция қызметкерлері вандализм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

    "Оқиғаны полицейлер бей-жай қалдырмады: күшейтілген режимде аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы қаскөйлерді іздеумен айналысты", - делінген ведомство хабарламасында.

    Екі күн ішінде қызметкерлер пәтерлер мен үйлерді аралап, қылмыс жасалған ауданда орнатылған камера жазбаларын зерттеп, бұзақылық әрекеттерге бейім адамдарды тексерген.

    "Қабылданған шаралардың нәтижесінде вандалдың жеке басы анықталды. Ол Макинск қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта полицейлер мұндай әрекеттің себептерін анықтап, жедел-тергеу шараларын жүргізуде", - деп хабарлады полиция өкілдері.

    Ақмола облысында вандалдар соғыс ардагерлерін еске алу алаңына қойылған гранит плиталарды қиратқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.