jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Жолдан көлік тоқтатып Семейге кеткен": Абай облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

    Әйел бейнесі
    Әйел бейнесі. Көрнекі сурет: Jorge Sanz/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

    Абай облысында 26 мамырда жоғалып кеткен 30 жастағы қыздың денесі табылды – жолдан көлік тоқтатып, Семейге бет алған қыз сол күннен бері хабар-ошарсыз кеткен, деп жазады Telegram-дағы Alash news арнасы.

    30 жастағы Динара Досымбекова Бородулиха ауданындағы Ауыл стансасынан көлік тоқтатып, Семей қаласына қарай кеткен.

    1 маусымда кешке жақындары жоғалған қызды табуға ақпараттық көмек сұрап, ақпараттық арнаға жүгінген. Ал полицияға 2 маусымда хабарлаған.

    "2024 жылғы 2 маусымда "102" арнасына Бородулиха аудандық полиция бөліміне "Ауыл" стансасының 59 жастағы тұрғыны хабарласып, 26 мамырда 1994 жылы туған қызы Динара Досымбекованы табуға көмектесуін сұраған", - делінген Абай облысының полиция департаменті өкілдері берген түсінікте.

    Сол күні Instagram-дағы volontery_semey_lider.kz парақшасында қыздың қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды. Кейін бұл ақпаратты полиция растады.

    Ведомство өкілдері қазір қыздың неден қайтыс болғаны анықталып жатқанын хабарлады.

    "Жолдан көлік тоқтатып Семейге кеткен": Абай облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.