Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы жер сілкінісі Алматыда сезілді
Жарияланған күні:
Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы жер сілкінісі Алматыда сезілді. KAZ.NUR.KZ бұл туралы ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісі 20 маусымда сағат 16:36-да тіркелген. Жер сілкінісі ошағы Қытай мен Қырғызстанда, Алматыдан оңтүстікке қарай 335 шақырымда болған.
Алматыда 2 балл сілкініс сезілген.
Ведомстводағылардың хабарына қарағанда, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түспеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2121162-qyrgyzstan-men-qytai-shekarasyndagy-zher-silkinisi-almatyda-sezildi/