Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы апатқа ұшыраған автобус: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Алматыда автобустардың бірінің қатысуымен жол-көлік апаты болды. Салдарынан 6 адам ауруханаға жатқызылып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау баскармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"N18 автобустың қатысуымен болған жол-көлік апаты салдарынан қала ауруханаларында жүргізілген барлық тексеруден кейін 6 ересек адам ауруханаға жатқызылды. Олардың аяқ-қолы сынған, жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланды. Барлығы қажетті ем-домды толық көлемде алып жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпараты бойынша, қалған зардап шеккендер қаралып, тексерілгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге үйлеріне жіберілген.

Медициналық көмекке жалпы 24 адам жүгінген болатын. Бірақ бір адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Еске салайық, бүгін, 26 маусымда Алматыдағы Мақатаев пен Сейфуллин қиылысында автобус жол апатына ұшыраған. Бастапқыда 16 адам зардап шеккені хабарланған еді. Кейін оқиғаның видеосы да жарияланған болатын.

Сондай-ақ кейін Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Алматыда автобус апатынан нақты қанша адам зардап шеккенін мәлімдегенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2124624-almatydagy-apatqa-ushyragan-avtobus-bir-adam-koz-zhumdy/