Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы автобус апаты: жүргізуші ұсталды

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Алматыда адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгін адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпараты бойынша, қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау мақсатында сараптама тағайындалған.

Оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, 26 маусымда Алматыдағы Мақатаев пен Сейфуллин қиылысында автобус жол апатына ұшыраған. Бастапқыда 16 адам зардап шеккені хабарланған еді. Кейін оқиғаның видеосы да жарияланған болатын.

Кейін Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Алматыда автобус апатынан нақты қанша адам зардап шеккенін мәлімдегенін жазған едік.

Сондай-ақ бүгін кешке қалалық қоғамдық денсаулық сақтау баскармасының баспасөз қызметі 6 адам зардап шегіп, бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2124633-almatyda-avtobustardyng-biri-apatqa-ushyrady-politseiler-qylmystyq-is-qozgalganyn-aitty/