Суретке түспек болған: Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 16 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
Жарияланған күні:
Түркістан облысында құтқарушылар суға құлап кеткен 16 жастағы қызды іздестіріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
"2024 жылғы 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне "Сайрам-Өгем" аумағына Қасқасу ауылынан 15 км қашықтықта, Сайрам-су таулы өзенінде сағат 10:00-де достарының айтуынша, 16 жасар қыз фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлап, суға батып кеткен", - деп хабарлады ведомстводан.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 54 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техника, Түркістан облысы ПД 6 қызметкер және 3 техника, жергілікті атқарушы органдардың 11 қызметкері жұмылдырылды.
Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2141832-turkistan-oblysynda-suretke-tuspek-bolgan-16-zhastagy-qyz-suga-batyp-ketti/