Жетісу облысында адамдар отырған көлік құмға батып қалды
Жарияланған күні:
Жетісу облысында құтқарушылар адамдармен құмға батып қалған автокөлікті эвакуациялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми ақпарат ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.
Оған сәйкес, Сарқан ауданының Лепсі ауылында адамдармен көлік құмға батып қалғаны туралы хабарлама кеше кешке түскен.
"Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жолға шықты. ТЖМ күштерімен автокөлік негізгі жолға эвакуацияланды. Жеңіл көліктегі үш адам, медициналық көмекке мұқтаж болмады", - делінген жазбада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2155285-zhetisu-oblysynda-adamdar-otyrgan-kolik-qumga-batyp-qaldy/