jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы-Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты (видео)

    Алматы-Өскемен тас жолындағы жол апаты
    Алматы-Өскемен тас жолындағы жол апаты. Видеодан кадр: instagram/police_almobl

    Алматы-Өскемен тас жолының 25-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Полицейлер жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды өңір полициясы Instagram желісіндегі парақшасында. Жол апаты бүгін түнде болған.

    Полиция департаменті оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады.

    "Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолының 25-шақырымында рөлге ие бола алмай, бетон қоршауға соғылғаны анықталды. Артынша ол алдындағы Hyundai Sonata көлігіне соқтығысқан.

    Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

    Өңір полициясы көлік жүргізушілерінен жылдамдық режимін сақтап, жол-қозғалыс ережелерін бұзбауға шақырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.