jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Мектептен оралмаған": Атырауда 11 жастағы бала іздестіріліп жатыр

    Жасөспірім
    Жасөспірім.Көрнекі фото: zik.ua

    Атыраулық 11 жастағы Санжар Мұқанов сағат 15:00 шамасында № 39 орта мектептен шығып, үйіне қайтпаған. Баланы туыстары мен полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мектеп оқушысы қала маңындағы Жұлдыз-2 шағын ауданында тұрады. Қазіргі кезде 2013 жылы туған баланы туыстары, полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр.

    "Жоғалған ер баланың бойы 149 см, шашының түсі қара. Үстінде көк түсті спорттық киім, қара шалбар, аяғына қара аяқ қиім киген. Қазіргі таңда жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Атырау облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Полиция тұрғындардан қандай да бір ақпарат білсе 102 нөміріне дереу қоңырау шалуды сұрады.

    Автор: Әйгерім Сайқын

    "Мектептен оралмаған": Атырауда 11 жастағы бала іздестіріліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.