jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қостанай облысында жоғалған балықшы көл жағасында ұйықтап жатқан жерінен табылды

    Полицейлер мен балықшы
    Полицейлер мен балықшы. Фото: t.me/qr_tjm

    Қостанай облысында жоғалған балықшы көл жағасында ұйықтап жатқан жерінен табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ТЖМ Telegram-дағы арнасына сүйенсек, оқиға Әулиекөл ауданында Шиелі ауылының маңында болған. 1975 жылы туған ер адам қайықпен балыққа кетіп, қайта оралмаған.

    Оған алаңдаған жақындары полицейлерге жүгінуге мәжбүр болған.

    Оқиға орнына аттанған іздеу тобы балықшыны көл жағасынан тапты. Ол ұйықтап жатқан, ал өміріне ешқандай қауіп төнбеген. Оған медициналық көмектің қажеті болған жоқ.

    Қостанай облысында жоғалған балықшы көл жағасында ұйықтап жатқан жерінен табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.