jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жамбыл облысында анасы мен екі жасар баласы жол апатынан қаза тапты

    Өртенген автокөлік
    Өртенген автокөлік. Көрнекі сурет: Rick Elkins/Getty Images

    Жамбыл облысында жол апаты болып, автокөлік ішіндегі анасы мен оның екі жасар баласы өртеніп кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ осы өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қарашада кешкі сағат 20.50-де Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызға ие жолдың 369 шақырымында жол апаты болды.

    "Таразға бара жатқан "ВАЗ-2114" және BMW автомобильдері жол шетіне тоқтаған, бұл уақытта Mercedes автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, екі автомобильмен соқтығысқан. BMW автокөлігінің жүргізушісі мен оның кәмелет жасқа толмаған ұлы сол жерде қаза тапты", - деп хабарлады Жамбыл облысы полициясының департаменті.

    Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Mercedes автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

    Естеріңізге сала кетейік, 22 қарашада таңертең Қарағандыда 15-магистральда жол апаты болып, "Лада Приора" жеңіл автокөлігі автобуспен соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі қаза тапқан.

    Ал Павлодар облысында Алғабас ауылы маңында бір автомобиль адам қағып, ол оқиға орнында ауыр жарақаттан қайтыс болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.