jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Azerbaijan Airlines Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме таратты

    Azerbaijan Airlines ұшақтары
    Azerbaijan Airlines ұшақтары. Көрнекі сурет: azal.az

    Azerbaijan Airlines әуе компаниясы Ақтау қаласы маңындағы жолаушы ұшағы апатына қатысты мәлімет таратты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әуе компаниясының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    "Azerbaijan Airlines әуе компаниясының J2-8243 рейсімен Баку-Грозный бағытында ұшқан Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласына шамамен 3 шақырым жерге қонуға мәжбүр болды.

    Оқыс оқиға туралы қосымша мәлімет жарияланады", - деп хабарлады әуекомпаниясы өкілдері.

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, Embraer 190 жолаушы ұшағы 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 62 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған деген мәлімет тарады.

    Ұшақ апатынан аман қалған жолаушылар туралы мәлімет жарияланды.

    Azerbaijan Airlines Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме таратты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.