Ақтаудағы ұшақ апаты орнында түсірілген суреттер тарады
Жарияланған күні:
25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Зардап шеккен 28 адам ауруханаға жеткізілген. Желіде оқиға орнынан фото тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Азамат Сәрсенбаев Facebook-тегі парақшасында оқиға орнынан фотолар жариялады.
"Баку-Грозный" ұшағы құлаған жер. Ақтау қаласынан 28 шақырым жерде", - делінген жазбада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған.
Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2204765-aqtaudagy-ushaq-apaty-ornynda-tusirilgen-suretter-tarady/