jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда ұшақ апатына қарамастан әуежай жұмысын жалғастыруда

    Ақтаудағы ұшақ апаты
    Ақтау әуежайы. Фото: aktau-airport.kz

    Ақтау қаласы әуежайы апатқа қарамастан, жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР Көлік министрлігі хабарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Ақтау қаласы әуежайы ашық, қалыпты режимде жұмыс атқаруда", - делінген министрлік хабарламасында.

    Министрлік бұған дейін Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағанын, әуе кемесінің Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі" екенін хабарлаған болатын.

    "Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған", - делінген хабарда.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасынан белгілі болғандай, соңғы ақпаратқа сәйкес, 25 адам аман қалған, оның 22-сі ауруханаға жатқызылды. Жалпы ұшпқ бортында барлығы 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

    Ақтауда ұшақ апатына қарамастан әуежай жұмысын жалғастыруда

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram